Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) жүргізетін ҚР-2022 жоғары оқу орындарының қажеттілігінің тәуелсіз рейтингісінің қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды.

Рейтингке көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық және педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындары, сондай-ақ өнер жоғары оқу орындары қатысты. Саралау қорытындысы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 8-орынға ие болып, ҚР жоғары оқу орындарының бас рейтингісінің ТОП-20 қатарына енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!