ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта көрсетілгендей, аталған комиссияға Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жетекшілік етеді. Оның орынбасары болып Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бекітілсе, комиссия хатшысының қызметін Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки атқармақ.

Сонымен қатар мемлекеттік комиссия құрамына енгендер:

– Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева;

– Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков;

– Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин;

– Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов және ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттарының академиктері мен ректорлары.

Еске салайық, Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған сессияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев академия мәртебесін көтеруді тапсырған болатын.

Мұнымен қоса, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомствоның негізгі жұмыс бағыттарына тоқталып, Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі қайтарылатынын мәлімдеп еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!