Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласында «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» атты оқушылар арасындағы V республикалық айтыс өткізілді.

Төл өнерімізді дәріптеуді мақсат тұтқан республикалық айтысқа әр аймақтан жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 қазақ сынып оқушылары қатысып, өзара бақ сынасты.

Дүбірлі додаданың қорытындысы бойынша Қызылорда облысының намысын қорғаған Жалағаш ауданы №114 орта мектептің 11 сынып оқушысы Мейіржан Қартбай жүлделі 3 орын иеленіп, 30 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.