Облыста үй жағдайында медициналық көмекті қажет ететін науқастарға мобильді бригадалар қызмет көрсетуде. Шілде айынан бері 161 бригада құрылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов мәлімдеді.

– Шілде айынан бастап емханалар деңгейінде қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, үй жағдайында дәрігерлік және динамикалық бақылауды қажет ететін мобильдік бригадалар ұйымдастырылды. Бір бригада 5 мың халыққа қызмет көрсетуде. Бүгінгі күнге дейін 13368 шақыртуға барды, – деді Сәбит Бексейітұлы.

Мобильдік бригадалардың 38-і қалада, 28-і ауданда, 95-і елді мекендерде. Бригада құрамы аймақтық дәрігер, мейірбике және жүргізушіден жасақталған. Алдағы уақытта мобильдік бригадалар медициналық көмектен бөлек, дәрілік заттарды жеткізу, медициналық манипуляциялар, үй жағдайындағы стационар жағдайындағы қызметтерді атқарады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!