BAQ.KZ. АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) алғаш рет тұмауға қарсы мРНҚ технологиясына негізделген вакцинаны қолдануға рұқсат берді. Жаңа вакцина 2026–2027 жылғы респираторлық вирустар маусымынан бастап 50 жастан асқан азаматтарға ұсынылады.
Euronews-тің мәліметінш, бұл – COVID-19 пандемиясы кезінде кеңінен қолданылған мРНҚ технологиясы негізінде әзірленген АҚШ-тағы алғашқы тұмауға қарсы вакцина. Оны Moderna компаниясы жасап шығарған.
Компанияның бас директоры Стефан Банцельдің айтуынша, жаңа mFLUSIVA вакцинасы егде жастағы адамдарды қорғауда маңызды мүмкіндік береді және мРНҚ платформасының жұқпалы ауруларға қарсы күрестегі әлеуетін көрсетеді.
Вакцинаны мақұлдау III фазадағы ауқымды клиникалық зерттеулердің нәтижесіне негізделген. Зерттеуге 11 елден 50 жастан асқан шамамен 41 мың адам, сондай-ақ АҚШ-тағы 65 жастан асқан 3 мыңға жуық ерікті қатысқан.
Ал Еуропада бұл вакцина әзірге Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің (EMA) қарауында. Бұған дейін EMA 50 жастан асқан адамдарға арналған COVID-19 мен тұмауға қарсы біріктірілген mRNA вакцинасын мақұлдаған болатын. Алайда бұл препарат әзірге АҚШ-та тіркелмеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
