Тұрғындарға тек медицина мекемелеріне, дәріханаларға, азық-түлік дүкендеріне және туыстарына баруға рұқсат етілмек.

Словакия билігі тұрғындарға 19 желтоқсаннан бастап үйден себепсіз шығуға тыйым салды, деп хабарлайды «Хабар 24». Үкімет жаңа ережелерді 8 сағат бойы тапжылмай талқылаған. Тұрғындарға тек медицина мекемелеріне, дәріханаларға, азық-түлік дүкендеріне және туыстарына баруға рұқсат етілмек. Мейрамханалар тамақты тек терезе арқылы беруге міндеттелген. Спорт жарыстары көрерменсіз өтпек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!