Ел үміт күткен екпенің аймаққа жеткеніне де ұзақ уақыт бола қойған жоқ. Ресми дерекке сүйенсек, ай басынан бері 7450 тұрғынға ресейлік Спутник-V вакцинасы салынған. Ендігі мәселе, вакцина қабылдағаннан кейінгі күтімде екені анық. Осы тақырыпта толығырақ білу үшін эпидемиолог маман Салтанат Қалмырзаевамен тілдестік.

‒ Вакцинаны қай жастан бастап салдыруға рұқсат етілген? Қазір ел арасында егде кісілерге екпе салдыруға болмайды деген ақпарат тарауда. Бұл қаншалықты рас?            

 ‒ Вакцина 18 жасқа толған азаматтардан  бастап салынады. Бастапқыда екпені 65 жасқа дейін салуға рұқсат берілді. Кейін жаңа қаулы аясында 65 жастан асқан кісілерге де ерікті түрде салуға болады деген бұйрық шықты.

 ‒ Вакцина салдырғаннан кейін мазасыздық пайда болатыны да жиі айтылуда. Жалпы екпеден кейінгі ауырсыну ненің әсерінен болады?                        

‒ Иә, вакцинадан кейінгі бастапқы сәттерде ауырсынудың болатыны рас. Оған әр адамның ағзасы әртүрлі реакция береді. Бұл қалыпты жағдай. Негізінде кез келген екпеден кейін ауырсыну болады. Өйткені антитела ағзаға түскенде адамның қызуы көтеріледі немесе дене ауыруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.

Салтанат ҚАЛМЫРЗАЕВА

‒ Ал екпе салдырған соң қалай күтіну керек? Қандай ем-шара жасаған дұрыс?                                                              

 ‒ Екпе салдырғаннан кейін үш күнге дейін шомылмаған дұрыс. Себебі екпе салдырған жерге су тигізуге болмайды. Сонымен қатар үш күн ішінде алкогольды сусындар ішуге де тыйым салынады. Өйткені бірінші компонентте 26 серотин болса, екінші компонентте 5 серотин бар. Бұл микроорганиздер ағзаға әсер етеді. Тағы бір ескеретін жайт, жылы суды көп ішіп, физикалық қозғалысты азайтқан абзал.

‒ Екпе салдырған қызметкер ауырсыну басылғанша жұмыстан босатыла ма?                                                          

          ‒ Иә, егер вакцинадан кейін қызметкер өзін жайсыз сезінсе, жұмыстан босатылуы тиіс. Қызметкер жұмысқа жарамсыз парағын ашып, аймақтық дәрігердің бақылауында болуы керек.

‒ Қосымша  қандай диагнозы бар науқастарға вакцина салдыруға болмайды?                                                                   

‒ Бірінші кезекте екпені балаларға сонымен қатар, жүкті, емізулі бөпесі бар аналарға салуға болмайды. Онкологиялық аурумен есепте тұратын науқастар да екпе салдыра алмайды. Жалпы науқаста мазасыздық пайда болса, екпені кейінге қалдыруға болады.

‒ Вакцинаны үш мәрте егудің мәнісі неде?  

   ‒ Вакцинаның үшінші кезеңін салдырудың қажеті жоқ. Екі компонентте коронавирусқа төтеп бере алатын құрам бар. Ал үшінші компонентті ағза көтере алмауы мүмкін.  

Гүлдана ЖҰМАДИНОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!