12 қараша күні таңертең Алматыдағы Сайын көшесінде 28 жастағы жігіт жол апатының құрбаны болды. Ол Жандосов көшесінің қиылысында тоннелдің жанындағы көшені кесіп өтке, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таңғы сағат 5 шамасында Chevrolet Nexia көлігі Сайын көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізуші Жандосов көшесінің қиылысындағы тоннелден енді ғана шыққанда, оның алдынан күтпеген жерден жас жігіт шыққан.
Жүргізуші соқпайын деп тырысқанымен, бірақ бетон қоршау оған мүмкіндік бермеді және ол жігітті қағып кетті. Қатты соққыдан ол бірнеше метрге ұшып кеткен және алған жарақаттарынан дәрігерлер келгенге дейін сол жерде қайтыс болды.
Куәгерлердің айтуынша, жігіт жолды жерүсті өткеліне жетпей, дұрыс емес жерден кесіп өткен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!