15 шілдеде Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Елдің бір бөлігінде аптап ыстық сақталса, енді бір өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Петропавлда күн ала бұлтты болады. Түнде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз ауа температурасы +24…+26 градус, түнде +15…+17 градус болады.

Қостанайда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +29…+31 градус, түнде +17…+19 градус болады.

Көкшетауда түнде жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Күндіз күн ала бұлтты болады. Ауа температурасы күндіз +28…+30 градус, түнде +16…+18 градусқа дейін төмендейді.

Павлодарда жауын-шашын болмайды, бірақ күндіз екпінді жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтеріледі, түнде +18…+20 градус болады.

Қарағандыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Күндіз ауа температурасы +33…+35 градус, түнде +21…+23 градус болады.

Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз +36…+38 градусқа дейін ыстық болады, түнде +22…+24 градус сақталады.

Өскеменде жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +34…+36 градусқа дейін көтеріледі, түнде +16…+18 градус болады.

Семейде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтеріледі, түнде +16…+18 градус болады.

Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +29…+31 градус, түнде +15…+17 градус болады.

Атырауда түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Күндіз күн ысып, ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтеріледі. Түнде +24…+26 градус болады.

Ақтөбеде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғуы мүмкін. Күндіз +32…+34 градус, түнде +20…+22 градус күтіледі.

Ақтауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +33…+35 градус, түнде +22…+24 градус болады.

Таразда жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +39…+41 градусқа дейін көтеріледі, түнде +21…+23 градус болады.

Шымкентте құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін жетеді, түнде +23…+25 градус болады.

Түркістанда ең жоғары ауа температурасы күтіледі. Күндіз +41…+43 градусқа дейін ысиды, түнде +26…+28 градус болады.

Қызылордада аздаған бұлт болады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін көтеріледі, түнде +26…+28 градус болады.

Қонаевта күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз +36…+38 градус, түнде +21…+23 градус болады.

Талдықорғанда жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +36…+38 градусқа дейін көтеріледі, түнде +16…+18 градус болады.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +33…+35 градус, түнде +21…+23 градус болады.

Астанада өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Екпінді жел соғып, дауыл болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +34…+36 градус, түнде +21…+23 градус болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!