Індет өршіген уақытта фтизиопульмонология орталығында 144 медицина қызметкері жұмыс істеді. Қарусыз майданда науқастарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тікті.

Пандемия кезінде фтизиопульмонология орталығына қарасты балалар және жасөспірімдерге арналған туберкулез шипажайы ғимаратынан 60 төсекке арналған карантиндік стационар ашылды. Онда 373 азамат оқшауланды, 2 тұрғын провизорлық бөлімге ауыстырылды. Орталықтың Тасбугет кентіндегі І ғимаратынан да 120 төсек орындық стационар ашылды. Стационарда 205 науқас ем алды. – Әрбір науқасты құтқару үшін дәрігерлер мен мейірбикелер жан ұшыра қимылдап, күн түн демей, тіпті ұйқымен тамақтануға деген қажеттілік те жойылғандай болды. Іште науқастың сырқатымен алысып, сыртта туған туыстарының көңілін жұбатудың өзі де өте қиын болды. Індет кезінде жұмыс жасаған медицина қызметкерлеріне жан-жақты көмектер көрсетілді, – деді облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Әбдіғабит Әбләзімұлы. Пандемия кезінде тәулік бойы коронавирус инфекциясымен күресіп, адам өмірін сақтап қалуға бар күштерін салған орталықтың дәрігерлері, мейірбикелер мен кіші буын медицина қызметкерлері «Халық алғысы» медалі, «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төс белгісі және «Алғыс хатпен» марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!