Фото:  Stan.kz

Атырау облысы Махамбет ауданының тумасы, 29 жастағы жас келіншек жүктіліктің 36 аптасында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйел 5 желтоқсанда «жедел фарингит» диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Марқұмның артында бір жасар баласы қалды.

«Махамбет ауданында 6 желтоқсанда 29 жастағы жүкті әйелдің өлімі тіркелді. Қазір оның қайтыс болу себептері анықталып жатыр. Толыққанды ақпарат сараптама жасалып болған соң белгілі болады»,- делінген  хабарламада.

Осы жайтқа байланысты Махамбет ауданының полициясы ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлігі «Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!