Адам  денсаулығынан асқан байлық жоқ.Соның ішінде көзге көріне бермейтін ішкі ағзалардың ауырсынғаны тіптен жаман. Соның бірі – холецистит. Бүгін «Маман мінбері» айдарында осы тақырыпты тарқатсақ.

Холецистит – өт қабының қабыну сырқаты, ас қорыту ағзаларының кең тараған ауруларының бірі. Бұл дерттің белең алуына кейде  шамадан артық жеп, тұрақсыз тамақтану, аз қозғалу, тұрақты іш қату, жүктілік, созылмалы инфекция әсер етеді.

Ол көбіне өтқабына микробтар (ішек таяқшасы, стрептококктар, стафилококктар, энтерококктар) еніп, дамығанда байқалады. Жіті және асқынған холецистеттер кезінде антибиотик қолданатындығы сондықтан. Өт қабына микробтар негізінен өт шығару жолдары арқылы ішектен жоғары бағытта қозғала отырып түсед

Өт қабында тастың болуы өттің кері ағуына кедергі болып қана қоймай, өт қабы қабырғасының тітіркенуіне алып келеді. Өт қабына инфекция ішектен ғана емес, қан және лимфа арқылы да түседі. Сондықтан ішек, жыныс-несеп жүйесі, т.б. сырқаттары бар адамдарда холецистит жиі кездеседі.Сондай ақ бұл дертті лямблия, аскарида секілді паразиттер, өт қабымен бауырдың жарақаттары, асқазан мен ішек жолының басқа да аурулары тудырады. Демек, холециститті емдеу үшін оның себебін анықтау аса маңызды. Ауру айтып келмейді. Ұдайы дәрігер назарында болыңыз! Өз-өзіңізді жаттай күту маңызды.

С.ЖАРМАНОВ,

А.НАЙМАНБАЕВА,

Кызылорда медициналық жоғары  колледжінің

хирургия пәнінің мұғалімдері