Венесуэлада хантавирустан үш адам көз жұмды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, індет дерегі Ансоатеги штатында тіркелген. Қаза болғандардың жеке басына қатысты ақпарат жарияланған жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Баринас штатында екі медицина қызметкерінің белгісіз себеппен көз жұмғанын, алайда бұл оқиғалардың хантавирус жұқтыру жағдайларымен ешқандай байланысы жоқ екенін атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
