Денсаулық сақтау министрлігі 25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуал матрицасын жариялады.

25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы «қызыл» аймақта тұр.

Атап айтқанда, Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы.

Ал «сары» аймақта Қарағанды мен Алматы облысы бар.

Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.

Бүгін Қазақстан коронавирусқа шалдыққандар көбейгендіктен «қызыл» аймаққа кірді.