7 сәуірдегі жағдай бойынша Қарағанды облысы «қызыл» аймаққа енді. Қазақстанда «қызыл» аймаққа жеткен өңірлердің қатары сегізге жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 7 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда «қызыл» аймақта 8 өңір тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе және Қарағанды облыстары. «Сары» аймақта Шымкент қаласы орналасқан, ал қалған 8 өңір «жасыл» аймақта. Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2080 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

ERNUR.KZ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!