Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты.

Жаңа қаулыға сәйкес, театрлар, кинотеатрлар, сондай-ақ ойын-сауық орталықтары, яғни жабық мекемелердегі балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттардың жұмысы уақытша тоқтатылады.

«15 адамнан аспайтын топтардың жиынтығын сақтау кезінде кезекші топтардан басқа мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салуды қамтамасыз ету. СОО, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ірі кәсіпорындардың жұмыс кестесі шектеледі» делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Ескеретін жайт, жеке дара бөлек тұрған және ірі сауда объектілерінде орналасқан супермаркет, дүкен, дәріханалардың жұмысына ішінара санитарлық талаптарды сақтай отырып рұқсат етіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!