Диетолог Светлана Фус зығыр тұқымының талшықтары ішекті тазартатынын және тойымдылық сезімін тудыратынын айтты және құрамындағы диеталық дәрумендердің адам ағзасына пайдасы мол екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фус зығыр тұқымдарында көптеген пайдалы заттар бар дейді. Атап айтқанда, олар ішекті тазартады, оның перистальтикасын реттейтін және тойымдылық сезімін тудыратын диеталық талшықтарға бай. Сонымен қатар, зығыр тұқымдарындағы фитоэстрогендер мен антиоксиданттық белсенділігі бар фенолдық қосылыстар, әйел денесін ісіктерден қорғайды және менопаузаның көріністерін жеңілдетеді. Дәрігер бұл өнімді табиғи статин деп атады, өйткені ол холестеринді қалыпқа келтіреді.⁣ ⁣ Өнімнің күнделікті тұтыну мөлшері – 1-2 ас қасық немесе 10-20 грамм тұқым. Сонымен қатар, зығыр тұқымдарын ұсақтап, пісіргеннен кейін бірден жеу керек. 

«Ең бастысы бұл кішкентай тұқым Омега 3 май қышқылдарына бай өсімдіктердің бірі.⁣ ⁣Олар жасуша мембраналарын салу үшін қажет, қанның тұтқырлығын төмендетеді, қан тамырларының серпімділігін арттырады, ас қорытуды жақсартады, дұрыс тамақтану кезінде қант диабеті мен семіздік қаупін азайтады», — деп қорытындылады диетолог маман.