Корея Республикасының Үкіметі Қазақстанға COVID-19 шалдыққан пациенттерге 72 оттегі концентраторы, 50 монитор және 111 000 дана FFP2 стандартты респираторлық қорғаныс маска жіберген. Гуманитарлық көмектің құны 375 000 АҚШ доллар.

Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов кореялық әріптестеріне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және өз атынан COVID-19-ға қарсы күресте гуманитарлық және консультациялық көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Бұл екі мемлекет арасындағы достықтың, сондай-ақ пандемияға қарсы халықаралық ынтымақтастықтың айқын көрінісі. ДДСҰ-ға да COVID-19-ға қарсы күресте қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Бұл ұйымдар арасындағы серіктестік қарым-қатынастың тағы бір дәлелі», – деді Е.Қиясов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!