Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс өзінің жеке блогында 2020 жылды қорытындылап, вакцина салу процесіне қарамастан, алдағы бірнеше айда пандемия күшейетінін айтты.

Пандемияның күшеюіне қатысты болжамды ол компьютерлік моделге сүйеніп айтты. Болжам бойынша әлемде келесі айда эпидемиологиялық жағдай ушығады.

Билл Гейтстің пікірінше, 2021 жылы коронавирустан болатын өлім-жітім және ауру көрсеткіші біртіндеп азаяды, адамдар қалыпты өмірге орала бастайды.

Бұған дейін Билл Гейтстің алдағы 4-6 ай адамзат үшін өте қауіпті болатынын айтқанын жазған болатынбыз.