Жүкті әйелдерде кең тараған хирургиялық аурулардың бірі – жедел соқырішек. Жедел соқырішек ана мен ұрықтың өміріне қауіп төндіреді және ол 0.03-5.20% жағдайда кездеседі.Құрт тәрізді өсіндінің тесілуі 14 процент жағдайда кездеседі және оперативті көмекті талап етеді. «Маман мінбері» айдарында толығырақ.

Жүктілік кезінде соқырішек 25-45% жағдайда науқастарда диагнозды нақты дәлелдейді. Көбінесе жиірек I триместрде (19-30%), IІ триместрде(44-80%), III триместрде (15-20%),босанғаннан кейін (6-8%). Соқырішектің деструктивті түрі III триместрде және босанғаннан кейін туындайды. Жедел соқырішектің кең тараған көрінісі дене температурасының жоғарылауы және лейкоцитоз болады.

Жедел соқырішектің симптомдары босанбаған әйелдердің симптомынан ерекшелігі жоқ және клиникалық көрінісі  жүктіліктің мерзіміне және құрт тәрізді өсіндінің патологиялық процессіне байланысты. Жүктілік кезінде жедел соқырішекті диагностикалау басқа аурулардағы сияқты «қатайған іш» симптомымен негізделінеді, ал босанбағандардан қарағанда ауырлау.

Семеновтың зерттеуі бойынша 2/3-де қарағанда әйелдер кеңесіне келген әйелдерді босану үйіне жүктіліктің үзілу қаупі деп жатқызылады, жүктіліктің үлкен мерзімінде  соқырішектің клиникалық көрінісінің айқын өзгеруімен айқындалады. 20-22 аптада соқыр ішек және оның өсіндісі жоғары және сыртқа қарай ығысады. Мұның негізгі себебі жатыр түбінің ұлғаюына байланысты. Соқырішектің емі – хирургиялық ем.

С.ЖАРМАНОВ,

А.НАЙМАНБАЕВА,

Кызылорда медициналық жоғары  колледжінің

хирургия пәні мұғалімдері