Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин желтоқсан-қаңтарда қатаңдатылуы мүмкін екенін айтты. 

Апта сайын алдағы кезеңге болжам жасалады. Қазір көріп отырғанымыздай, Қазақстанда карантин шаралары желтоқсан немесе қаңтар айларында енгізілуі мүмкін. Бәрі жағдайды қадағалап отыруымызға байланысты болады, – деді министр брифингте.