18 тамызда Қазақстанның солтүстігіндегі қалаларда салқын әрі жаңбырлы ауа райы сақталады. Павлодарда және түнде Өскеменде де найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің оңтүстігі мен батысында күн айтарлықтай жылы әрі негізінен жауын-шашынсыз болады. Алматыда аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C.
Алматыда таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C.
Шымкентте жауын-шашынсыз. Түнде +19…+21°C, күндіз +34…+36°C.
Ақтөбеде жауын-шашынсыз. Түнде +14…+16°C, күндіз +30…+32°C.
Ақтауда жауын-шашынсыз. Түнде +21…+23°C, күндіз +31…+33°C.
Атырауда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз. Түнде +14…+16°C, күндіз +26…+28°C.
Қарағандыда жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C.
Көкшетауда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C.
Қонаевта жауын-шашынсыз. Түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C.
Қостанайда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.
Қызылордада күн ашық. Түнде +16…+18°C, күндіз +33…+35°C.
Павлодарда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен екпінді жел күтіледі. Түнде +12…+14°C, күндіз +21…+23°C.
Петропавлда күн бұлтты. Түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +7…+9°C, күндіз +20…+22°C.
Семейде жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Түнде +12…+14°C, күндіз +28…+30°C.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз. Түнде +13…+15°C, күндіз +30…+32°C.
Таразда жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Түнде +15…+17°C, күндіз +32…+34°C.
Түркістанда жауын-шашынсыз. Түнде +19…+21°C, күндіз +35…+37°C.
Оралда жауын-шашынсыз. Түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.
Өскеменде түннің алғашқы жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
