Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық ұлдарға адам папилломавирусына қарсы вакцинация жасалатынын жариялады. Бұл мәселе бойынша соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігі сондай мәлімдеме жасағанымен, вице-министрлердің бірі бұл идеяға қарсы шықты.
«Меніңше, бір жыныс өкілін вакцинациялау жеткілікті. Олар оны біреуден жұқтырады. Бұл күрделі әрі даулы мәселе. Тіпті ғылыми ортада да дәрігерлер, әріптестер – урологтар, гинекологтар өзара талқылайды. Әзірге қыздардан бастайық”, – деді Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов.
Бүгінге дейін Қазақстанда 11 жастан 13 жасқа дейінгі шамамен 150 000 қыз АПВ-ға қарсы толық вакцинацияланды.
Өткен аптада елдің бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова осы вакцинаға құқылы адамдардың тізімін кеңейту туралы жарлыққа қол қойды. Енді 14 жастан 17 жасқа дейінгі қыздар АПВ вакцинасын ерікті түрде ала алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
