Коронавирусқа қатысты кешегі күннің статистикасы жарияланды. Бір тәулікте анықталған науқастардың саны жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 571 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында вирусты жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмеді.

  • Өңірлердегі статистика:
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 61,
  • Алматы қаласы – 118,
  • Ақмола облысы – 72,
  • Ақтөбе облысы – 3,
  • Алматы облысы – 38,
  • Атырау облысы – 27,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 18,
  • Жамбыл облысы – 17,
  • Батыс Қазақстан облысы – 39,
  • Қарағанды облысы – 35,
  • Қостанай облысы – 50,
  • Маңғыстау облысы – 3,
  • Павлодар облысы – 63,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 24,
  • Түркістан облысы – 3.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 219 325.

 sputnik.kz