Фармацевтика саласындағы бақылау қатал. Өйткені, әрбір қадамның артында басы ауырып, балтыры сыздап, дертіне дауа іздеген жанның болашағы тұр. Мұндай бақылаумен ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті айналысады.

Бүгінде «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі де бекітіліп, заң аясында қызмет атқарылуда.

«Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығымен реттеледі.

Ең әуелі мемлекеттік қызметті көрсету «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz, www. elicense.kz) арқылы жүзеге асады. Ал ол өтініш берген сәттен бастап үш күнде орындалады. Ішінара автоматтандырылған нысандағы бұл жұмыс тегін жүргізіледі. Айта кетейік, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті құжаттар тізбесінде қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, келісімшарт немесе шарт туралы құжаттар, фармацевтикалық және медициналық қызметке, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар, сондай-ақ, медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған қызметтің басталуы туралы хабарлама кіреді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болған кезде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес тыңдау рәсімі жүргізіледі. Қосымша сұрақтар бойынша департаментке (Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, №27, «Денсаулық үйі» ғимарат, 109-кабинет, тел:8 (7242) 23-40-35) хабарласу қажет.

Наурыз СИСЕНБЕКОВ,
ҚР ДСМ Медициналық және
фармацевтикалық бақылау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша
департаментінің бас маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!