Kyzylorda-news.kz. Мереке қарсаңында санитарлық дәрігерлер қазақстандықтарды карантиндік шектеу шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz.

«8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы мереке және демалыс күндері барлық шектеу шаралары Қазақстанның бас санитарлық дәрігері мен аумақтардың бас санитарлық дәрігерлерінің қаулысына сәйкес күшіне енеді. Біз ел тұрғындарын жақындарыңызды және айналаңызды коронавирустық инфекциядан қорғайтын маңызды ережелерді ұмытпайға шақырамыз», – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тұрғындарды: 

– адамдар көп жиналатын орындарға бармауға;

– ұжымдық іс-шараларды өткізбеуге немесе оларға қатыспауға;

– қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтауға;

– маска режимін сақтауға;

– қолыңызды сабынмен жуып, антисептик қолдануға;

– егер дене қызуыңыз көтеріліп немесе әлсіздік белгілері байқалса, дереу дәрігердің көмегіне жүгінуге;

– үй-жайларды үнемі желдетіп отыруға;

– үйде дымқыл тазалауды күн сайын жүргізуге шақырады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!