Қазақстандықтар желіде талқылаған мәйіттерге арналған қораптарға салынған қаптар қоймасы көрсетілген видео жалған болып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желі қолданушылары видеодағы қораптар COVID-19 вакцинасын еккендерге арналған деп топшылаған.

Видеоны желіге @_TheCoolTwin лақап атымен тіркелген пайдаланушы жүктеген. Кадрларда Amazon компаниясына тиесілі қойма қызметкері жүздеген қорап салынған палеттерді көрсетеді. Олардың кейбірінде ішінде мәйіттерге арналған қаптар бар деген жазу жазылған.

Тағы бір қораптың бір бөлігін FedEx жеткізу қызметінің логотипі бар жүк көлігі алып кетеді. АҚШ-та қайтыс болғандардың денелеріне арналған сөмкелерге деген сұраныстың артуы вакцинациямен емес, COVID-19-дан көз жұму жағдайларының артуымен байланысты. 

Басылым қазіргі кезде Қазақстанда сегіз өңірде COVID-19 жұқтырған науқастар саны артқаны байқалатынын және мұны вакцинациямен байланыстыру мүмкін емес екенін жазады. Себебі вакцинация елімізде тек 1 ақпанда басталады.

«COVID-19-ға қарсы вакцина өлімге әкелуі мүмкін деген пікірлер негізсіз. Препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген. Сондай-ақ, видеода да, оның сипаттамасында да дайындалған қаптардың қанша ауруханаға, қалаға және елдерге арналғаны айтылмаған. Қоймадан тауарлар әлемнің әртүрлі нүктелеріне жіберілуі мүмкін, сондықтан тауарлар санының көп болуы ойға қонымды», – деп жазады Stopfake.kz.

Видеода түсірілген қойма тиесілі Amazon компаниясының ресми өкілдері видеоға қатысты пікірлерін, түсініктеме бермеген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!