Коронавирусқа қарсы вакцина салғызған адамдар бетперде киіп жүруі керек. Сонда екпе алмағандарға қауіп төнбейді

Ресейдің Гамалея атындағы эпидемиология мен микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург вакцина салғызған адам коронавирус таратушысы бола ма деген сұраққа жауап берді.

«Егер адамның ағзасында антиденелердің титрі жоғары болса, онда ол вирусты тарата алмайды. Ал антиденелердің саны төмендеген жағдайда адам белгілі бір уақыт аралығында осы қоздырғыштың – таратушысы болады», – деді Гинцбург Sputnik Қазақстанның халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында өткен брифингте.

Сол себепті вакциянация кезінде жеке қорғаныш құралдарын міндетті түрде қолдану қажет. Әсіресе, вакцина алмаған адамдар бетперде мен қолғап киіп жүруі керек.

Осы орайда академик түберкүлезбен ауыратын адамдарға вакцина салу мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, аурудың қабынуы болмаса, екпе салғызуға рұқсат бар.

«Сондықтан вакцинаны міндетті түрде салғызу керек. Әрине, түберкүлездің қабыну фазасы болмаса, екпе салу жағынан ешқандай шектеу жоқ. Ал туберкүлездің созылмалы фазасында міндетті түрде вакцина алу қажет», – деп атап көрсетті Гинцбург.

Орталық директорының сөзіне қарағанда, екінші жартыжылдықта Гамалея орталығында жасалған «Спутник V» вакцинасын ВИЧ-пен ауыратын адамдарға салып, сынақтан өткізу жоспарланып отыр.

sputnik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!