Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Саниятариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл вакцина салғаннан кейін міндетті түрде маска тағу керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол қазіргі таңда вакцина салдырған адам да вирус таратушы болуы мүмкін екенін жеткізді. 

«Негізінде қазір вакцинаның екі дозасын салған адам біршама уақыт бойы вирус тасымалдаушы болуы мүмкін деген ғылыми болжамдар бар. Сондықтан, вакцина салғаннан кейін маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Өйткені вирус циркуляциясын азайту керек», – дейді маман. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!