Грузияда 18 жастағы Қазақстан азаматы есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алды, сақтады және өткізуге жәрдемдесті деген күдікпен ұсталды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Грузия ІІМ мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ел аумағында әртүрлі уақытта 2008 жылы туған екі шетелдік, яғни Қазақстан және Украина азаматтары ұсталған.

Тергеу мәліметіне сәйкес күдіктілерді, олардың уақытша тұратын жерлерін тінту барысында аса ірі мөлшердегі «метадон» тәркіленген.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері есірткіні өлшеп-орауға пайдаланылды деген болжаммен тиісті материалдарды тапқан.

Тергеу амалдары Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабы бойынша жүргізіліп жатқаны нақтыланды. Бұл бап бойынша 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!