Жақында BioNTech зертханасының негізін қалаушы және жетекшісі, профессор Угур Шахин 1,8 миллион адамның өліміне себеп болған коронавирус пандемиясы туралы ой бөлісті.

Ол адамзат Covid-19-ды жеңуі үшін 10 қажет деп санайды.

Коронавирус пандемиясы өмір салтымызды толығымен өзгертті. BioNTech бас директоры Шахин «қалыпты өмір салты» өзгеріп, басқа мағынаға ие болуы керек дейді.

«Қашықтан оқыту және үйде жұмыс істеу – бұл біздің өмірімізге енген тәжірибе. Басқаша айтқанда, қазір ол өміріміздің бір бөлігіне айналды», – дейді ғалым.

Угур Шахин туралы 10 дерек:

  1. Угур Шахин (түрк. Uğur Şahin) – 1965 жылы 19 қыркүйекте Түркияның Искендерун қаласында дүниеге келген;
  2. Кельн университетінде медицина саласында оқып, 1990 жылы бітірді;
  3. 1993 жылы PhD докторы дәрежесін алған;
  4. Қатерлі ісік ауруларын зерттеуге мамандандырылған иммунолог;
  5. Биотехнологиялық компания BioNTech негізін қалаушы және бас директоры;
  6. Майнц университетінің медициналық клиникасында эксперименталды онкология профессоры етінде қызмет атқарған;
  7. Жасына қарамай жұмысқа велосипедпен барғанды ұнатады;
  8. Оның компаниясы АҚШ-тың Pfizer компаниясымен бірге 95 пайыз тиімді коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты;
  9. Шахиннің байлығы  биыл 4,2 миллиард долларға өсіп, денсаулық сақтау саласында 50 жаңа миллиардердің арасынан көш бастады;
  10. Бүгінге дейін Угур Шахин зертханасында жасалған вакцина әлемнің 30-дан астам елінде мақұлданған.

Forbes денсаулық сақтау саласындағы 50 жаңа миллиардерді атады

Угур Шахин есімі біздің өмірімізге коронавирус пандемиясымен бірге келді. Пандемия басталған кезде ол Pfizer-пен серіктестікте коронавирусқа қарсы вакцина жасай бастады және әлемде алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы қауіпсіз және тиімді вакцина ойлап тапты. 

Ұлыбританияда желтоқсан айының басында пайда болған коронавирустың жаңа түрі көптеген адамдардың көңіліне қорқыныш ұялатты. Ал Угур Шахин өзі жасаған вакцина да, басқа вакциналар да вирустың мутацияланған түріне әсер етуі мүмкін деп сенім білдірді.

massaget.kz