Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,3 триллионнан астам теңге зейнетақы төленді.
2021 жылдың қаңтар-маусым айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге – 410,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеміне – 928,9 млрд теңге бағытталды. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткер саны 2 млн 239 мыңға жетті.