Синоптиктер 20-21 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, демалыс күндері ауа райының өзгеруі атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты болады, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, екпіні артады. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады.

Ал батыс өңірлерде ауа температурасы 22-33 градус шамасында болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!