Stan.kz 15 желтоқсанда өткен еліміздегі онлайн-диктанттың нәтижелерін шығарды. Біз ана тілін дамытуға үлес қосқаны үшін жазба жұмысының әрбір қатысушысы мен жобаның серіктестеріне алғыс білдіреміз! 

Кеше диктантқа қатысушылардың көптігінен жүйемізге шамадан тыс салмақ түсіп, уақытынан бұрын өшіп қалды. Кешкісін диктант тапсырып, сертификат ала алмағандардың барлығынан кешірім сұраймыз.

Құрметті жазба жұмысының қатысушылары, онлайн-диктанттан 4 және 5 деген баға алған барлық оқырмандарымыз сертификаты бар-жоғына қарамастан смартфондардың ұтысына жіберіледі. Егер техникалық себептерге байланысты сертификатты жүктеп ала алмасаңыз, біздің adam@stan.kz электронды поштамызға жазыңыз. Біз барлықтарыңызға мүмкіндігінше тезірек сертификаттар жіберуге тырысамыз.

Ұтыс қайда және қашан өткізіледі? 

Ал жазба жұмысынан 4 және 5 алған қатысушылар арасында смартфон ұтыс ойыны 20 желтоқсанда сағат 11:00-де біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызда тікелей эфирде өткізіледі. Басты жүлде – iPhone 13. Бұған қоса тағы екі қатысушымыз iPhone SE смартфондарын иеленеді. 

Ұтыс қалай өткізіледі?

Диктантты 4-ке және 5-ке жазған қатысушыларға реттік орны бойынша белгілі бір сан беріледі. iPhone иегерлері осы сандар арқылы арнайы бағдарлама арқылы кездейсоқ таңдалып алынады. 

Ескерту: Ұтысқа шынайы атын-жөнін жазғандар ғана қатыса алады. Бұған қоса диктантты бірнеше рет жазған қатысушылар ұтыс ойынына жіберілмейді. 

Жобаның басты демеушісі– Jusan Bank

Бізді қолдағандар: Ақтөбе, Түркістан, Атырау, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының әкімдіктері, «Хабар», «Алматы» телеарналары, Dostyk Plaza сауда, ойын-сауық орталығы.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!