Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорда сайтында жазылды.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды», – деп мәлімдеді президенттің баспасөз қызметі.

Алдын ала есептеулер бойынша, рақымшылық бойынша 2 236 сотталушы және пробация қызметінің есебінде тұрған 11 310 адам түрме қабырғасынан босап шығады. 

Біріншіден, 1000-ға жуық адам босатылып, 3,8 мың адам пробация қызметінің есебінен шығарылады.

Екіншіден, өтелмеген жаза мерзімін қысқарту 1 294 сотталғанға және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға қолданылады.

Үшіншіден, сотқа дейінгі өндірістегі 5000 қылмыстық іс қысқартылып, оның ішінде 1 674-тен астам тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

1 471 адамға қатысты жазаны қысқарту немесе босату туралы ережелер қолданылады. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

Қазақстанда 30 жыл ішінде 8 адамға рақымшылық жасалып, олардың төртеуі Тәуелсіздік күніне орайластырылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!