Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 1 доллар 477, 73 теңге болды.

Ұлттық банктің 21 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 478, 26 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 481 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 479 теңгеден болса, сатып алу – 482,5.

Ресей рублі 7,05- 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.