Бұдан былай салық бойынша қарызы 17 мың теңгеден аспайтын азаматтардың есеп-шоты бұ­ғатталмайды. Заңнамаға осындай өзгеріс енгізілді.
Ал берешек толық өтелген жағдайда банктер шығыс операциясын қосуға міндетті. Ресми мәлімет бойынша, салық­тан жиі жалтаратындар – Алматы тұрғындары. Олардың мемлекет алдындағы қарызы 5,1 млрд теңгеге жетеді. Әсіресе көлік салығын төлемеу дерегі тыйылар емес. Бұл – барлық берешектің 90 пайызы. Азаматтарға төлем жасау ыңғайлы болу үшін бірнеше жолы қарастырылған. Атап айтсақ, e-Salyq Azamat, Egov порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен Қазпошта бөлімшелері арқылы төлем жасауға бола­ды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!