Қазақстан Ұлттық банкі кредит рақымшылығы жарияланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кредиттік амнистия жасалады деген сарында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады» делінген хабарламада.

Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы Қазақстан Ұлттық банкінің байланыс орталығына хабарласуға болады.

Айта кетейік, кешеден бері әлеуметтік желілерде және мессенжерлерде «Қазақстанда халықтың несиесі кешіріледі» деген сарында ақпарат тарады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!