Бұл жайында арнайы брифингте Қостанай қалалық төтенше жағдайлар басқармасының өкілі, майор Құрманғазы Тәуекелов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Спикердің айтуынша, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бері облыстың су айдындарында 12 адам суға кеткен. Оның ішінде 1 бала бар. 2021 жылдың осындай кезеңінде – 11 адам суға батқан еді, оның ішінде 5 бала болды. Өткен аптада бір адам осылай көз жұмды. Қайғылы оқиға 24 шілде сағат 17.30 шамасында Рудный қаласында, Парковая көшесіндегі шіркеу ауданында болған. Құтқарушылар суға шомылу үшін жабдықталмаған жерде суға батып кеткен 1995 жылы туған азаматтың денесін судан шығарды. Суға батқандардың ең көбі облыста тіркелген. Б.Майлин ауданында – 5, Рудныйда – 4 адам, Қостанай ауданы – 2 адам. «Судағы оқиғалардың негізгі себептері – мас күйінде шомылу, балық аулау кезінде ережелерді бұзу және балаларды қараусыз қалдыру, жүзе алмау және өз күшін дұрыс бағаламау» деп атап өтті брифингте Құрманғазы Тәуекелов


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!