Қызылорда облысында «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасының 5 күнінде 21 құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың желтоқсан айының 01-31 аралығында «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізілуде.
Аймақта 5  күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 21 дерегі тіркелді. Оның ішінде, 1 қылмыстық және 20 әкімшілік құқық бұзушылықтар. 

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық итуралы кодексінің 382-бабымен 1-бөлігімен (жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) барлығы 20 құқық бұзушылық анықталды.

Қазіргі таңда 1 дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-1 бабының 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Аталған шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!