Сурет: gov.kz

Қазақстанда АЗРК төрағасының бірқатар өңірлерде көліктерге жанармай құю станцияларында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу тарифтерін көтеру туралы бұйрығына енгізілген түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, баға келесі аймақтарда өсті:

  • Алматыда – литрі 65 теңгеден 75 теңгеге дейін;
  • Алматы облысында – 70 (75 – шалғай елді мекендерде) теңгеден 75 (80) теңгеге дейін;
  • Шығыс Қазақстан облысында – шалғай елді мекендерді ескере отырып, 60 (65) теңгеден 70 (75) теңгеге дейін;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – литрі 70 (75) теңгеден 75 (80) теңгеге дейін;
  • Абай ауданы бойынша – 60 (65) теңгеден 65 (75) теңгеге дейін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!