Жалағаш ауданында білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту басты назарда. Апатты жағдайдағы мектеп мәселесі шешілген.

Биыл Таң ауылындағы орта мектеп ғимаратына бөлінген 333 млн. теңгеге, Есет батыр ауылындағы орта мектеп ғимаратына құны 368 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама қолдауымен («Ауыл-Ел бесігі») Жалағаш кентінен құны 420 млн. теңгені құрайтын 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебін жаңа оқу жылына пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!