Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар шығармашылығын және бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы қызметіне Басаров Әліби Төлепбергенұлы тағайындалды.
Әліби Төлепбергенұлы 1990 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. «Болашақ» университетін ақпараттық жүйелер мамандығында білім алған.
Алғаш еңбек жолын 2012 жылы «Қызылорда жастары» Қауымдастығының жоба үйлестірушісі болып бастады;
2013-2014 жж. «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының әкімгері;
2014-2017 жж. облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қалалық бөлім басшысы;
2017-2019 жж. қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің кеңесшісі;
2019-2020 жылдары «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі;
2016 жылдан «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының директоры қызметін абыроймен атқарып келеді. Отбасылы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!