Аймақта «Үздік  жас  маман  –  2021» облыстық байқауы қорытын­дыланды. Шараны Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік тапсырысы аясында «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Байқауға қатысу үшін 100-ге жуық әр саланың жас мамандары құжаттарын ұсынған.

Азаматтық институт өкілдерінен, қоғам белсенділерінен құ­рал­ған комиссия шешіміне сәйкес 10 жас маман 8 номинация бойынша марапатталды. Топ жарған үздіктер қатарында газетіміздің тілшісі Гүлдана Жұмадинова да бар. Гүлданаға «Үздік жас журна­лист» номинациясын облыстық ішкі саясат басқар­масының басшысы Мира Қазбекова табыстады.

Гүлдана Нұртайқызы бірнеше жылдан бері «Ақмешіт жастары» газетінде қызмет етіп келеді. Қаламы қарымды жас мәселені зерттеу, сараптау, нақты ақпаратты дер кезінде ұсынуда алда келеді. Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, толайым табыс тілейміз!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!