«Сыр үміті» жастар қауымдастығының бастамасымен #Qvine жас вайнерлер байқауын жариялаймыз. Байқауға Қызылорда облысындағы әрбір жас қатыса алады. Байқау шартына тоқталсақ.

 1. Байқау қатысушылары «Туған жер», «30 жыл алға ұмтылыс» және еркін тақырыптың бірін ғана таңдай отырып вайн түсіреді.

2. Түсірілген вайнды және өзі туралы қысқаша ақпаратты +7700-797-05-08 байланыс телефонына Telegram арқылы жолдау қажет.

3. Қатысушы өзінің вайнын «Instagram» желісінде @syr_umiti парақшасын белгілей отырып, #Сырүміті #Қатысушы #Qvine хештегтерімен жариялау қажет.

Байқау қорытындысымен анықталған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Видеоларды қабылдау уақыты: 26 наурыздан-10 сәуір аралығы.

Барша шығармашыл замандастарды белсенді қатысуға шақырамыз!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!