Самал Еслямова

Қазақстандық Самал Еслямова 71-інші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың “Айка” атты картинасында басты рольді сомдады.

“Үздік актриса” атанған қазақ қызы Самал Еслямова 1984 жылы 1 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дү­ние­ге келген. Өнер жолын 2011 жылы ресейлік ГИТИС театр өнері институтының ак­терлік факультетінде білім алу арқылы бас­таған. Ол “Айка” атты фильмнен өзге “Жау­қазын” (Тюльпан) картинасында ойнаған. Бұл фильм 2008 жылы “Ерекше көзқарас” атты но­минация бойынша жеңімпаз деп танылды.

Еркебұлан Дайыров

Қазақстандық актер Еркебұлан Дайыров Канндағы World Film festival кинофестивалінде “Азияның үздік актері” марапатын жеңіп ал­ды. Отандасымыз бұл марапатты Эльмира Гиль­манның  “Күнбағыс” фильміндегі рөлі бойынша алды.

Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Алматы об­лысы Райымбек ауданы Қарасаз ауданында туған. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. 2006 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 2013 жылы Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйл­ы-ғының лауреаты атанды, 2015 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы “Намыс” орденінің иегері болды. “Бауыржан Момышұлы”, “Анаға апарар жол”, “Қазақ елі”, “Жұлдыздар тоғысқанда”, “Тараз”, “Алтын Орда” секілді бірқатар фильмде ой­наған.

Димаш Құдайберген

Димаш 2017 жылы музыка саласындағы бірнеше марапатты алды, соның ішінде Қытай­дағы 24 -інші China Music Awards марапатындағы ең үздік азиялық әнші (Қытайлық Грэмми баламасы болып саналады) және Tencent MTV Music Gala-ның “Азиядағы ең танымал шетелдік әнші” сыйлығын иеленді.

Димаш Құдайберген Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орын­даушылардың «Славян базары – 2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлт­тық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқы­ның бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президентінің Құрмет грамотасын алған, “ABU TV song” ха­лық­аралық фестивалінің қатысушысы. Димаш 6 октава, 8 жартылай тонды қамтитын кең вокал­дық диапазонымен танымал. Оның жан­күйерлері бүкіл әлемде бар. Димаштың құр­метіне Қытайда бірнеше тауар шығарылды. Жапонияда оның құрметіне алғаш рет әуежай хабарламалары қазақ тілінде жазылды.

Иманбек Зейкенов

2020 жылдың аяғында музыкант Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) Saint JHN орындайтын “Roses” әніне жасаған ремиксі “Грэмми” сыйлы­ғына үміткер атанған. Ал биыл 15 наурызда “Roses (Imanbek Remix)” трегі “Best Remixed Recording” номинациясы бойынша музыкант “Грэмми” премиясын жеңіп алды. Иманбек – “Грэмми” алған алғашқы қазақстандық.

Иманбек Зейкенов – Павлодар облысындағы Ақсу қаласында тұратын 20 жастағы музыкант. Осыған дейін теміржол саласында жұмыс істеген. Ремикс жасауды, музыканы YouTube-тегі видеолардан үйренген. 2019 жылы Иманбек рэпер Saint Jhn-ның Roses деген әнін байқап, оны билеуге ықшамдап ремикс жаса­ған. Кейін оны әлеуметтік желіге жүктеген. Ремикс өте жылдам қарқынмен таныла бас­тады. Дүниежүзіндегі біршама чарттарда бол­ды. Ремикс YouTube-те 145 миллионнан аса қаралған.

Данэлия Төлешова

Данэлия Төлешова қазақ­стан­дық әнші.  “Голос Дети” (Украина), бай­қауы­­ның жеңімпазы. “New Wave Junior 2015” көрермендер сыйлығының лауреа­ты. Қазақ­стандық жас әнші әйгілі музыка сала­сындағы “Болашаққа көзқарас” номинациясы бойынша бірінші халықаралық кәсіби музыкалық “BraVo” сыйлығын жеңіп алды.

Қазақстанның атынан Junior Eurovision 2018 байқауына қатысып, 6-орынды иеленді. Америкалық “The World’s Bestruen” (2019) шоуында үздік сегіздікке енді және «Америка та­лант­тарды іздейді» шоуының финалында (2020) өнер көрсетті. “Stone Cold” әні YouTube-те 70 миллионнан астам қаралған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!