Облыстық жастар ресурстық орталығы және Қызылорда Жайдарман орталығы бірлесіп, Сыр үміті қауымдастығының қолдауымен облыстық жайдарман ойындарының финалдық кезеңін өткізді.

Өңіріміздің намысын республикада қорғап жүрген командалармен қатар жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектеп оқушылары қатысқан тартысты сайыс үш кезең бойынша (арнайы жоба, кіші және үлкен кубок) чемпион 187 ІТ мектеп-лицейінің «Эксклюзив» командасы, ІІ орын Қызылорда жастар құрамасы, ІІІ орын Жаңақорған ауданы, Кейден ауылы «Тәтті қыздар» командасы иленді.

Сайыстар алдағы уақытта жергілікті «QYZYLORDA» телеарнасы арқылы көрсетілетін болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!