12 тамыз – Халықаралық жастар күні аясында біршама шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Ай – Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 2021 жылдың 10-12 тамыз күндері аралығында Волонтерлік қызметті үйлестіретін мамандар мен ерікті жастардың қатысуымен өңірімізде еріктіліктің 7 жалпыұлттық жобасын дамыту бойынша түрлі бағыттағы шаралар (7 шара) өтті.
Атап айтар болсақ, «Birgemiz»: «Bilim» бағыты бойынша ерікті жастар арасында «Bilim» интеллектуалды сайысы, «Birgemiz»: «Qamqor» бағыты бойынша мүгедектер мен қарттар үйі ауласында тазалық жұмыстарын жүргізу, «Birgemiz»: «Sabaqtastyq» бағыты бойынша еріктілердің қатысуымен «Бәйтерек» елді мекенінің (Баламекен) тұрғындары мен балаларына спорттық сайыстар, «Birgemiz»: «Saýlyq» бағыты бойынша облыстық ЖДО мамандарымен репродуктивті саулықты сақтау мәселелерін үйретуге бағытталған іс-шаралар, «Birgemiz»: «Úmіt» бағыты бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты еріктілердің Азаматтық қорғау органдарының музейіне экскурсия, «Birgemiz»: «Asyl mura» бағыты бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған – Қаналы мешіті аумағына тазалық жұмыстары және «Birgemiz»: «Taza Alem» бағыты бойынша тазалық жұмыстарын жүргізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!