Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары «Университеттер жәрмеңкесінде» шетелдік білім беру ерекшеліктерімен танысып, кәсіби бағыт-бағдар алды.

Онлайн-кездесу «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және Council of International Schools стратегиялық серіктес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылды. Жас зияткерлер әлемнің үздік жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесуге мүмкіндік алып, университеттерге қабылдау ережелерімен танысты.
Ашық есік күнінде АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Швейцария, Гонконг, Франция, Испания, Индонезия, Сингапур, Нидерланды және тағы басқа елдердің 60-тан астам озық университетінің құжат қабылдау науқаны мен гранттық бағдарламалары жайында мағлұмат берілді.

Сонымен қатар болашақ түлектерге «Инженерлік бағдарламаларға оқуға түсу нұсқаулығы», «Мотивациялық хат жазу ерекшеліктері», «Медицина мансабындағы жол» және басқа да өзекті тақырыптар бойынша өткен сессияларда кәсіби кеңес берілді.

Қатысушылар университет өкілдерімен тілдесіп, толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!