Үрей тудыратын музыка – кез келген қорқынышты фильмнің ажырамас бөлігі. Біз қорқынышты дыбыстардың қайдан шығатынын, қандай аспаппен орындалатынын ойламаймыз. Бұл ерекше аспаптың үрейлі үні атмосфера жасап, денемізді тітіркендіріп, еріксіз қорқыныш сезімін тудырып, айқайлауға мәжбүрлейді. Фильмді көргенде қорқынышты дыбыстардың салдарынан үрей пайда болу үшін режиссерлер бұл аспапты жиі пайдаланады.

Бірақ оларды кім және қалай шығарады? Бұл сұрақтың жауабы сіз үшін тосынсый болары анық.

Шын мәнінде бұл аспап – вотерфон деп аталады және оның дыбысы қорқынышты фильмдерде қолданылады. Вотерфон – музыкалық аспаптың ерекше түрі. Оны 1968 жылы Ричард Уотер ойлап тапқан және патенттеген.  Вотерфонның дауысын киттердің таңқаларлық әндерімен немесе акустикалық музыка «Алладиннің қолшамымен» салыстырып, ұқсатып жатады. Вотерфонды басқа музыкалық аспаптармен үйлестіру және басқару өте қиын, сондықтан оны бірнеше композиторлардың шығармаларында және де бірнеше фильмдердің саундтректерінде қолданылады: шведтің  «Впусти меня», «Полтергейст» қорқынышты фильмі және әйгілі «Матрица» т.б. Киноматографияның тарихында дыбыс мамандары бұндай ерекше аспаптың аналогын жасауға бірнеше рет әрекеттенген. Бірақ жаңадан жасалған құрылғылар күрделі, әмбебап болғанымен, Уотерс аспабының дауысы ерекшеленіп, адамдарды қатты үрейлендірген.

Ол дыбысты күшейтетін тот басылмайтын резонатор мен ыдыстан, әртүрлі ұзындықтағы қоладан жасалған ломдардың тығыз орналасуымен жасалынады және ыдысқа су толтырылады. Вотерфон кішкене балғамен, саусақпен және діріл тудыратын кез келген затпен ойналады. Аспапты қозғалту арқылы судың бағыты мен дыбыстың табиғатын өзгертуге болады. Осыдан төрт жылдай бұрын жапондық твиттер қолданушысы түсініксіз аспапта ойнап жатқан адамның видеосын желіге жүктейді және ол миллиондаған қаралымға ие болды. Бұл бейнебаян симфониялық оркестрден табылмайтын ерекше музыкалық аспапта ойнауға арналған. Аспаптың көмегімен адам бойына үрей тудыратын дыбыстар шығарған. Діріл, дыбыс, қоңырау үні бір-бірімен кезектесіп өзгергені соншалық көрермендерді таңқалдырып, көптеген пікірлер жинаған.

Жансая ТІЛЕУ